Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондондық "Арсеналдың" бас бапкерінен коронавирус анықталды

Опубликовано:

Лондондық "Арсеналдың" жаттықтырушысы Микель Артета коронавирус дертін жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/mikelarteta
Фото: Instagram/mikelarteta: Instagram

"Арсенал" клубының басшылығы Артетамен байланыста болған футболшылар мен команда қызметкерлері екі аптаға карантинге жатқызылатынын мәлімдеді.

Одан бөлек, Англия чемпионатының ойындары кейінге қалдырылғаны, жаттығу базаларының уақытша жабылғаны белгілі болды.

37 жастағы лондондық ұжымның бас бапкері осыған байланысты пікір білдірді.

"Жағдайдың бұлай болғанына өзім де таңғалып отырмын. Мен көңіл-күйім нашарлай бастағанда бірден-ақ тест тапсырған едім. Енді жұмысқа мүмкіндік бергенде ғана ораламын", - деді Артета.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.

Осыдан кейін мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады.

Бұл туралы президент өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1845174-londondyk-arsenaldy-bas-bapkerinen-koronavirus-anyktaldy/

pixel