Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті індет пандемиясы: БҰҰ бас кеңсесі босап қалды

Опубликовано:

Әдетте адам қарасы үзілмейтін АҚШ-та орналасқан БҰҰ бас кеңсесі бүгін босап қалды. Бұған әлемде белең алған коронавирус пандемиясы себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус қаупі: БҰҰ бас кеңсесі босап қалды
Фото: facebook.com/anuar.zhainakov: Facebook

БҰҰ бас кеңсесіндегі ахуал жайлы Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Ануар Жайнақов Facebook парақшасында мәлім етті.

Жайнақовтың айтуынша, туристерге арналған барлық экскурсия тоқтатылып, ғимаратқа залалсыздандыратын құрылғылар орнатылған.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш бас кеңседе өткізілуі тиіс барлық іс-шараларға 16 наурыздан бастап сәуір айының соңына дейін тоқтатты.

Хатшылық қызметкерлері үшін жұмыс күні 3 күнге дейін азайып, мамандар қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен.

Барлық ресми кездесулер, форумдар мен ірі іс-шаралардың өткізілуіне шектеу қойылған.

Сондай-ақ Ұлыбритания, Дания, Канада, Швейцария, Жаңа Зеландия, Ирландия, Бразилия, Фиджи, Мальта, Норвегия, Парагвай, Словакия, Австралия және Кирибати елдерінлег БҰҰ-ның Тұрақты өкілдіктері де кеңселерін жауып, қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен.

Еске сала кетсек, Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның әйелі Трюдо Софи Грегуар-Трюдоның әлем халқын дүрліктірген коронавирусқа шалдықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845177-kauipti-indet-pandemiasy-b-bas-kesesi-bosap-kaldy/

pixel