Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше ота жасалынды": Өнер иелері Болат Атабаевтың еміне қаржылай көмек сұрауда

Опубликовано:

Отандық театр және кино жұлдыздары Азамат Сатыбалды мен Дариға Бадықова белгілі режиссер Болат Атабаевтың қатты науқастанып қалғанын хабарлап, көпшіліктен оның еміне қаржылай көмек көрсетуін сұрады. Танымал актерлар өнер жолындағы ұстазы бірнеше мәрте ота еңсергенімен, жағдайы әлі де мәз емес екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dariga_badykova/azamatc. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dariga_badykova/azamatc. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Азамат Сатыбалды алғашқылардың бірі болып, әлеуметтік желіде дабыл қақты. Ол ешкімнен көмек сұрап көрмеген режиссер бүгінде халқының қолдауына зәру екенін айтты.

"Қадірлі ағайын, бауырларым. Белгілі режиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаев, қазір Германияның Мюнхен қаласында емханада жатыр. Болат аға, бүгінде ел алдында өнерімен сүйікті болып жүрген көптеген өнер адамдарын шыңдаған ұлағатты ұстаз, халық қамын ойлап, талай істің басы-қасында болған азамат!
Ол ешқашан ешкімнен көмек сұрап көрген емес. Абыройы мен намысына берік. Біз, шәкірттері, ұстазымыз үшін қолдау сұраймыз. Болат Атабаев Германия елінің азаматы емес, визасы да қызметтік. Сол себепті сақтандыру емхана қызметінің 20%-ын ғана өтейді. Қазірдің өзінде бірнеше ота жасалды. Әлі де жасалуы керек ем-шаралар бар" - деп жазды актер.

Азаматтың өнердегі әріптесі Дариға Бадықова да шетте қалмай, Болат Атабаев үшін көптен көмек сұрады.

"Құрметті оқырмандарым, дым көңіл-күйім жоқ болып отыр. Төрт жыл мені оқытып өнерге тәрбиелеген Болат Атабаев қазір Германияның Мюнхен қаласында емханада жатыр. Бірнеше ота жасалған, әлі де жасалатын ем-шаралары бар. Ауыр хәлде жатқанын естіп көңілім қатты құлазыды. Құрметті оқырмандарым, сіздерден қолдау сұрағым келеді. Көмектеріңіз қажет. ⠀⠀ Болат Атабаевтың кім екенін көзі қарақты көрермен біледі. Қазақта "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы" деген сөз бар. Бүгінде ел алдында ерек өнерлерімен сүйікті болып жүрген талай әртісті тәрбиелеген, талай шамшырақты жаққан, талай жұлдызды дүниеге әкелген ұлағатты ұстаз, ұлы тұлға.⠀ ⠀ Ол ешқашан жан баласынан көмек сұрап көрген емес. Абыройы мен намысына берік. Біз, шәкірттері, ұстазымыз үшін қолдау сұраймыз. Болат Атабаев Германия елінің азаматы емес, визасы да қызметтік. Сол себепті сақтандыру емхана қызметінің 20%-ын ғана өтейді.Елдің ұлы үшін аянып қалмай қол ұшын созайықшы, ағайын! Көмек қолын ұсынған барша жанға Алла разы болсын" , - деп жазды ол.

Қос актер өз жазбасында Болат Атабаевтың қарындасы Дана Атабаеваның атына ашылған көмек көрдың есепшотын қалдырған:

Атабаева Данна Манашовна KZ90722R000192826706 теңге.

KZ33722R000192827150 еуро

ЖСН 670403401816

Каспи карта нөмірі: +77017287235.⠀

Айта кетейік,

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845179-birnese-ota-zasalyndy-ner-ieleri-bolat-atabaevty-emine-karzylaj-kmek-srauda/

pixel