RU

Вирустан қорыққан Нью-Йорк жұрты дүкен сөрелерін босатып тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нью-Йорк тұрғындары өңірде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған соң азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирустан қорыққан Нью-Йорк тұрғындары дүкен сөрелерін босатып тастады (видео)

Видеодан кадр

Қала мэрі Билл де Блазио 12 наурызда Нью-Йоркте төтенше жағдай жариялаған соң адамдар жаппай азық-түлік алуға көшкен.

Мэр тұрғындарды байбалам салмауға шақырса да, жергілікті халық дүкен сөрелерін босатып тастаған. Әлеуметтік желілерде дүрліккен халықтың фото-видеолары пайда болды.

Еске сала кетсек, елімізде де, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тұрғындар кешеден бастап жаппай азық-түлік сатып алып жатыр. Сауда орындарында, тұз, қант, қарақұмық, тауық еті сынды тауарлар тапшы болып отыр.

Сауда орындары қызметкерлерінің айтуынша азық-түлік өнімдері тапшылығы жоқ, тек адам санының көптігіне байланысты сөрелер осылай бос қалған көрінеді.

Айта кетейік, кеше ел билігі коронавирустың алдын алу шаралары бойынша бірқатар іс-шараларды қолға алып, оқушылар мен студенттерді келесі аптадан бастап сабақтан босатқан еді. Сондай-ақ кеше наурыз мерекесін тойлау шаралары өткізілмейтіні айтылып, халыққа көпшілік көп жүретін жерлерге, тойларға бармауға кеңес берілген болатын

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Вирустан қорыққан Нью-Йорк жұрты дүкен сөрелерін босатып тастады
Mailfire view pixel