Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Премьер-министрге кинотеатрлар жұмысын тоқтатпау туралы өтініш түсті

Опубликовано:

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Нұр-Сұлтанда өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан қорғанудың арнайы шараларын жүзеге асыру аясында барлық Қазақстан бойынша театрлар мен кинотеатрлардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Елдегі ең ірі кинотеатрлардың өкілдері премьер-министр Асқар Маминге хат жіберіп, шектеу мерзімдерін қайта қарауды сұрады.

Құжатта бұл шешім үлкен қаржылық қиындықтар мен тәуекелдерге әкелетіні, осы салада жұмыс істейтін бес мыңнан астам маманның қызметсіз және жалақысыз қалатыны айтылған.

Хатта жазылған мәліметке сенсек, бұдан Қазақстандағы кино саласындағы көптеген ұйымдар, соның ішінде отандық мекемелер зардап шегеді.

Үндеу авторлары Президент Тоқаевтың шағын орта бизнеске зиян келтірмеу туралы айтқан сөздеріне сілтеме жасай отырып, қабылданған шара мемлекет басшысының осы мәселе бойынша пікіріне қайшы келетінін жеткізген.

Сонымен қатар, бұндай шаралар халық көп жиналатын орындарға, мысалы, кафе, мейрамхана және басқа да мекемелерге қолданылмағын айта келе, тек кинотеатрларға салынған тыйымның күмән тудыратынын жасырған жоқ.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, компания өкілдері үкіметтің шешімін "негізсіз" және "пайдасыз" деп санайды және премьер-министрден шектеуді алып тастауды сұрайды.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы коронавирусты пандемия деп бағалаған соң, елдегі кинотеатрлар уақытша жабылатыны белгілі болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845203-premer-ministrge-kinoteatrlar-zmysyn-toktatpau-turaly-tinis-tsti/

pixel