Выйти
RU

"Бірден маған келмей ме": Марат Омаров некесіз немересінің дауына пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші әрі композитор Марат Омаров ұлының некесіз қызы туралы дауға қатысты пікір білдірді. Ол Көзайым атты немересін қуана қабылдайтынын айтып, баласы қолымен істегенді мойнымен көтеретініне сендірді. Жұлдызды әулет ел арасында қызу талқыланған мәселенің ақ-қарасын ажыратып, жанұясының жаңа мүшесімен танысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Марат Омаров өз отбасына қатысты шу жайлы ойын айтып, некесіз қызды дүниеге әкелген арудың жіберген қателігін бетіне басты. Оның сөзінше, Кәмшат Таубай бұл жағдайды ушықтырмай, жұлдызды атасына келіп айтуы тиіс болған.

"Бірден маған келмейді ма? Халқым-ау, елім-ау біздің қазақ көп па? Біз аз халықпыз. Мысалы, осы Кәмшаттың жалпы қазақ қыздарының жылағанын ешқашан да қаламаймын. Хабардың басында әкесі араласады ма? деп айтып отырсыз ғой. Әрине, араласады. Әке-шешесі араласпағанда кім араласады? Бұл жерде Азаматтың сенімсіздігі.

Ол маған айта алмаған. Неліктен? Өйткені ол сенген жоқ. Біздің арамызда ешқашан құпия болған емес. Біздің арамызда туыстық әрі достық қарым-қатынас орнаған. Мен Азаматқа айтамын "өз жолыңды тап, тауға да, тасқа да ұсаң да, өз жолың. Әкенің малы балаға мал болмайды. Сен маған сенбе, бірақ керек кезде мен көмектесуге әзірмін" деймін.

Бүгінгі күні бес заңды немерем бар. Егерде көбейіп жатса, одан да көп бала маған сыйып кетеді деп ойлаймын. Азаматты тәрбиелегеннен бастап білемін. Ол қолымен істегенді мойнымен көтеретін жігіт. Көзайым болса, Азаматтан аумайды екен" , - деді Марат Омаров.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Омаровтың бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берген болатын.

Бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.

Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.

Одан кейін біраз уақыт бойы үнсіздік сақтаған Марат Омаров ұлының қатысы бар даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі немересін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.

Кейіннен соңғы болып, Азамат Омаровтың өзі де көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Әншінің ұлы өз шындығын баяндады.

Азамат Омаров аталмыш жағдайдан кейін отбасылық өмірінде қиындықтар туындағанын мойындады. Ол әйелінің сенімін қайта қалпына келтіруге тырысып жатқанын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бірден маған келмей ме": Марат Омаров некесіз немересінің дауына пікір білдірді