Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Кадыров коронавирустан сақтанудың жолдарын айтты

Опубликовано:

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров әлемде коронавирустың жылдам тарауына байланысты халықты жаппай адамдар жиналған орындарға бармай, шетелге саяхаттаудан бас тартуға шақырды. Сондай-ақ, ол мұсылман қауымға дұға етіп, денсаулығын күтуге кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Рамзан Кадыров коронавирустан сақтанудың жолдарын айтты
Фото: tass.ru: UGC
"Ең бірінші, жаппай іс-шараларға қатыспауға, адамдар көп орналасқан жерлерге бармауға және балаларды да апарудан бас тартуға шақырамын. Шетелге саяхаттамай тұрған жөн. Мұсылмандарға бес уақыт намаз оқып, денсаулығын күту бұйырылған. Әсіресе, гигена талаптарын орындап, тазалықты қадағалау керек", - деп жазды Кадыров Telegram-арнасында.

Ол республика басшылығының жағдайды бақылау үшін қажетті шараларды қолға алғанын атап өтті. Шешенстанда коронавирус анықталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемде қатерлі вирустан қорғанудың қандай тиімді тәсілдері бар екенін жазған болатынбыз.

Соған қоса, испаниялық дәрігерлер адамның иммундық жүйесін күшейтуге, ағзаға түрлі вирустарға төтеп беруге көмектесетін азық-түліктердің тізімін жасап шығарды.

Олардың ішінде ең пайдалысы – құрамында аллицин қосындысы және антиоксиданттық қасиеті бар Е дәруменіне бай азық-түліктер жатады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845220-ramzan-kadyrov-koronavirustan-saktanudy-zoldaryn-ajtty/

pixel