Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өздері сұраныс тудырып отыр": Алматы әкімдігі дүкендердегі аласапыранға жауап берді

Опубликовано:

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин оңтүстік астанаға қажетті азық-түлік тапшылығы қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Шенеуніктің сөзінше, ондай жағдай болған күннің өзінде дүрлігуге негіз жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өздері үлкен сұраныс тудырады": Алматы әкімі дүкендердегі дүрлікпеге жауап берді
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ең алдымен Оразалин Алматыда жылына қажетті 860 тонна өнімнің 241 тоннасы өндірілетінін айта кетті.

Қалған 520 тонна өнім шет жақтан әкелінеді, алайда олар да Қазақстанда өндіріледі. Қалада нан, күнбағыс, сары май және сүт өнімдерінің өндірісі бар. Шаһар өзін нанмен толықтай қамтамасыз ете алады.

Осы орайда ведомство басшысы азық-түлікке қатысты дүрлікпеге негіз жоқ екенін аап өтті.

"Адамдардың өздері үлкен сұраныс тудырып, бағаның өсуіне себепкер болып отыр. Алып-сатарлар мен жеткізушілерге пайда көруге мүмкіндік беруде. Біз сақтық шараларын қолға алдық, алайда дүкенде дүрлігу бәрі бір пайда болды.
Қажетті тауарлардың басым бөлігі бізде өндіріледі, олар сатылымда болады. Сауда желілерінің қоймасында жарты жыл - екі айға жететін қор бар. Тек белгілі бір қор үнемі өндіріліп, керек кезде толықтырылып тұрады. Қала барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілген", - деп атап өтті Оразалин.
"Өздері үлкен сұраныс тудырады": Алматы әкімі дүкендердегі дүрлікпеге жауап берді
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Шенеунік жағдай ушыққан күннің өзінде өндіріс мәселесінде қиындықтардың туындамайтынын да айта кетті.

"Егер Алматыда карантин жарияланатын болса, азық-түлікпен қамтамасыз ету нысандары жұмысын жалғастырады. Біз әлемдік тәжірибені зерделедік: Италия сияқты қауіпті елдерде де осылай жасайды. Әкімдік дүкендерді жаппайды", - деді ол.

Оразалин медициналық маска мен санитайзерлердің тапшылығына да қатысты пікір білдіріп, жағдайдың оңалатынын айтты.

"Әкімдік маска жетіспеушілігін растайды. Алматы облысында маска өндіретін жалғыз кәсіпкерлікке сұранысты қағанаттандыру үшін қуат жетпей тұр. Ол күніне 3 млн маска өндіреді. Қазір өндірісті 8 млн данаға дейін өсіруге мүмкіндік беретін құрылғыны сатып алу туралы мәселе қарастырылуда.
Санитайзер мәселесі шешілуде. 1-2 аптада нарыққа шығарып, дүрлігуді жоямыз", - деп мәлімдеді ол.
"Өздері үлкен сұраныс тудырады": Алматы әкімі дүкендердегі дүрлікпеге жауап берді
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде халықтың жаппай азық-түлік сатып алып жатқаны жайлы хабар тараған.

Осыдан кейін журналистеріміз Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы супермаркеттерге бас сұғып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845226-zderi-sranys-tudyryp-otyr-almaty-kimdigi-dkenderdegi-alasapyranga-zauap-berdi/

pixel