RU

Сұлтанов дүкендердегі "дүрбелең" жайлы: Мұндайды кез келген дүкенде көруге болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сауда және интеграция министрлігінің басшысы әлеуметтік желіде тараған суреттерге қатысты пікір білдірді. Ол касса алдында жиылып тұрған адамдарды кез келген дүкеннен түсіріп алуға болады деп есептейді. Қажеті - тек дұрыс ракурс таңдау деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды дүкендердегі дүрбелеңге қатысты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. Ол әлеуметтік желіде адамдардың супермаркет кассаларында жиылған суреті тарап кеткенін мәлімдеді.

"Адамдар касса маңында тұрғаны байқалады. Егер дұрыс ракурс алса, мұндай суретті кез келген дүкеннен түсіріп алуға болады", - деді министр.

Сонымен қатар, министр Қазақстанда азық-түлік жетіспеушілігі жоқ екенін хабарлады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы өткен жылға қарағанда айына 0,6 пайызға кем өсіп жатыр.

Импортталатын қант пен тауық етіне келер болсақ, Сұлтанов көрші Ресейден бұл тауарлар қайта шығарылатынына жеткізді.

Олардың барлығы Қазақстан өңірлеріне жеткізіледі. Жеткізу тұрғысында мәселе жоқ. Ел ішінде де азық-түлік айырбастау жүргізіледі.

Министрдің сөзінше, сондықтан, азық-түлік сатып алу үшін дүрбелең тудырудың қажеті жоқ.

"Дүрбелең бола ма, жоқ па өзімізге байланысты. Байбалам салу ешқандай жақсылыққа әкелмейді, бүгінде азық-түлік жеткілікті. Барлығымыз соны түсінуіміз керек", - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та.

Айта кетейік, күні кеше NUR.KZ тілшілері Алматы мен Нұр-Сұлтандағы азық-түлік дүкендерінде не болып жатқанын бақылап қайтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сұлтанов дүкендердегі "дүрбелең" жайлы: Мұндайды кез келген дүкенде көруге болады
Mailfire view pixel