RU

Тоқаев үкіметке радикалды шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Telegram logo VKontakte logo

Жедел әрекет ету штабының отырысын өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирус пандемиясына байланысты радикалды шаралар жоспарын әзірлеуге тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: Facebook

Бұл туралы Қазақстан президенті өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.

"Үкімет радикалды шаралар жоспарын әзірлеуі тиіс. Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін орындайды", – деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы бүкіл әлем жаһандық экономика мен геосаяси жағдайды қайта құрудың күрделі кезеңіне өтіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан алдында экономиканы тұрақты даму режимінде ұстап тұру міндеті тұр.

Президент кәсіпорындар мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау қажет деп санайды.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясын пандемия деп танығаннан кейін, билік аурудың елімізде таралуына жол бермес үшін коронавирустың алдын алу шараларын күшейте түсті.

Мемлекет басшысы халыққа тағы да мәлімдеме жасап, елде барлық қоғамдық іс-шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тоқаев үкіметке радикалды шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды