Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі қазақстандықтан коронавирус табылды: Алматыда төтенше жағдай жариялана ма

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар анықталғаннан кейін Алматыда төтенше жағдай жариялана ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус анықталған Алматыда төтенше жағдай жариялана ма
Фото: NUR.KZ: Facebook

Министрдің айтуынша, төтенше жағдайды қала билігі жариялай алады.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған барлық адамды табу басты міндет болып отыр. Вирус анықталған екі адаммен бір бортта 70 адам болған. Бұл адамдардың барлығы екі апта бойы карантинге жатқызылып, медицина мамандарының бақылауына алынады.

Біртановтың сөзінше, әзірге Алматыда төтенше жағдай енгізу шарасын қабылдауға әлі ерте. Алайда науқастармен байланысқа түскендерден және басқа да адамдардан коронавирус анықталса, онда төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

"Қазіргі уақытта төтенше жағдай жариялау туралы шешімді жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері, яғни өңір әкімдері қабылдайды. Біздің тығыз байланыста жұмыс істейтініміз сөзсіз. Менің ойымша, қазіргі уақытта мұның қажеті жоқ.
Барлық байланысқан тұлғалар анықталған соң олармен барлық тиісті жұмыстар, бақылау, денсаулықтары жөнінде ақпарат жинау, қажет болған жағдайда зерттеу жүргізіледі. Егер біз тағы да басқа науқастар бар екенін көрсек, онда осындай шешім қабылдануы мүмкін", - деді ол.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845265-koronavirus-anyktalgan-almatyda-ttense-zagdaj-zarialana-ma/

pixel