Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мықты халықпыз": Біртанов қиындықтарды сенімді түрде еңсеретінімізді айтты

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елімізде коронавирус дерегі анықталғанын, дегенмен қазақстандықтардың бұл қиындықтарды сенімді түрде еңсеретінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Facebook
"Біз толықтай дайынбыз. Жеткілікті мөлшерде төсек орындар дайындалған. Медициналық препараттардың, дезинфекциялық құралдардың қоры бар. Қызметкерлер қажетті даярлықтан өтті. Олар не істеу керектігін біледі. Қазақстандықтар барлық мазалаған сұрақтары бойынша 1406 нөміріне хабарласып, жауап ала алады", – деді министр.

Сондай-ақ ол халықты тек ресми деректерге сенуге шақырды.

"Барлығына зор денсаулық тілегім келеді. Біз мықты халықпыз. Біз әр түрлі қиындықтарды бастан өткердік. Біз қиындықтарды сенімді түрде еңсереміз", – деп түйіндеді ведомство басшысы.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845266-mykty-halykpyz-birtanov-kiyndyktardy-senimdi-trde-eseretinimizdi-ajtty/

pixel