Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қорғанған әйгілі Наоми Кэмпбелл елді шошытты (фото)

Опубликовано:

Күллі әлемге танымал супермодель Наоми Кэмпбелл барынша коронавирустан қорғанып жүр. Жұмыс бабымен бір елден басқасына жиі ұшып тұратын жұлдыз енді әуежайға сәнді образбен емес, қауіпті вирустан қорғайтын киіммен баратын болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/naom. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/naom. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Наоми Кэмпбелл дүние жүзін дүрсілкіндірген коронавирустан қалай қорғанып жүргенін көрсетті. Әйгілі сәнбике Instagram желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялап, қандай алдын алу шараларын іске асырып жүргенімен бөлісті.

Вирустан қорғайтын киіммен қоса, модель көзілдірік, бетперде және қолғап тағып алады.

Наоми Кэмпбелл фотосессиясы өтетін орынға жетпейінше және қауіпсіз жерде екеніне көзі жетпейінше қорғаныс киімін шешпейді.

Әлемдік жұлдыз өз денсаулығына келгенде асқан жауапкершілік танытатынын бірнеше мәрте айтқан болатын. Ол түрлі эпидемиялармен күресуге бағытталған қайырымдылық қорларына үнемі қаржылай көмек беріп тұрады.

Оның әлеуметтік желідегі қорғаныс костюмімен тұрған фотолары желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік модельдің әдісімен қорғануды қолға алуға ниет білдіріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін отандық жұлдыз Мөлдір Әуелбекованың коронавирустан қалай қорғанып жүргенін жазған болатынбыз. Өнер иесі супермаркеттен азық-түлік толтырып сатып алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845273-koronavirustan-korgangan-jgili-naomi-kempbell-eldi-sosytty-foto/

pixel