RU

Қазақстандық судьяның Германияда коронавирус жұқтырғаны рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Берлинде коронавирус жұқтыруы мүмкін елордалық судьяға қатысты ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ол Германияда коронавирусқа шалдыққан қазақстандық туралы ақпарат бар екенін атап өтті. Алайда, ол азаматтың нақты астаналық судья екені жөніндегі мәліметті растай алмайтынын жеткізді.

"Әзірге менде бұл туралы ақпарат жоқ, растай алмаймын.
Біз сыртқы істер министрлігінен Германияда Қазақстан азаматынан ауру анықталғаны туралы ақпарат алдық. Бірақ бұл алдын ала мәлімет қана, себебі зертханалық сараптаманы біз көрген жоқпыз.
Осыған байланысты ол адаммен байланыста болған 12 азаматты бүгін қабылдап, карантинге жатқыздық", – деп мәлімдеді министр.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елімізде алғаш рет COVID-19 инфекциясы тіркелгенін мәлім етті.

Екі Қазақстан азаматынан коронавирус табылғанын еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Олар Алматыдағы инфекциялық станционарда оқшауланған.

Сондай-ақ министр қазақстандықтардың бұл қиындықтарды сенімді түрде еңсеретінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық судьяның Германияда коронавирус жұқтырғаны рас па
Mailfire view pixel