Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үш күн бұрын Италиядан келген отбасы оқшауланды

Опубликовано:

13 наурызда ақтөбелік шенеуніктер әлемді алаңдатқан қауіпті вирусқа қатысты жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарын түсіндірді. Олардың мәліметінше, облыста үш күн бұрын Италиядан келген үш адам оқшауға алынған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Олар жергілікті тұрғындар, бір отбасының адамдары. Бірақ олардан вирус белгілері анықталған жоқ. Дүние жүзіндегі тұрақсыз ахуалға қатысты денсаулық сақтау басқармасы алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Ахуал тұрақты.
Қазір инфекциялық ауруханада 25 керуетті изолятор, наркологиялық диспансер орталығындағы 105 керуетті стационар дайындалды. Сонымен қатар, осы ауруға ұқсас клиникалық белгілермен науқастар болуы мүмкін. Оған 200 керуеттік арнайы провизорлық госпиталь дайын тұр", -деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Мамандардың айтуынша, азық-түлік бағасы да бақылауда. Өңір әкімінің өзі дүкендерді аралап жүр.

Сондай-ақ желіде тараған видеолардың жалған екені де айтылды.

"Халықты үрейге салу үшін ескі видеолар әлеуметтік желідк жарияланған. Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатын болады. Әкім кеше 11:30-ға дейін барлық үлкен дүкендерді аралап шықты. Жағдай қалыпты. Әлеуметтік маңызды 32 азық-түліктің 23-і облыста шығарылады. 
Бүгінгі күні тұрақты қорымызда бір мың тоннадан аса картоп, 60 тонна пияз, 147 тонна сәбіз, 500 тонна қант бар. Батыс өңірін ұнмен қамтамасыз етіп отырған комбинат тұрақты жұмыс істеп тұр. Үрей тудыратындай негіз жоқ", - деді облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясын пандемия деп танығаннан кейін, билік аурудың елімізде таралуына жол бермес үшін коронавирустың алдын алу шараларын күшейте түсті.

Мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап, елде барлық қоғамдық іс-шаралардың уақытша тоқтатылатынын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845305-aktbede-s-kn-bryn-italiadan-kelgen-otbasy-oksaulandy/

pixel