RU

Берлинде қазақстандық дипломаттың әкесі коронавирус жұқтырған

Берлинде қазақстандық дипломаттың әкесінен коронавирус анықталды. Аталған ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pxhere
Көрнекі фото: Pxhere: UGC
"Германиядағы Қазақстан елшілігіндегі дипломаттарымыздың біріне ата-анасы қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері анықталған. Ол ауруханаға жатқызылды", - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Ведомство ақпарынша, қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді, жеке палатадан ортақ палатаға ауыстырылды. Жұбайы мен ұлы карантинде неміс дәрігерлерінің бақылауында жатыр.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Кейін денсаулық сақтау министрі тағы бір отандасымыздан коронавирус анықталғанын мәлім етті. Ол Италиядан Нұр-Cұлтан қаласына ұшып келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845311-berlinde-kazakstandyk-diplomatty-kesi-koronavirus-zktyrgan.html