Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде ОАР азаматы коронавирус күдігімен ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Семейде Дубайдан келген Оңтүстік Африка Республикасының азаматы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, 12 наурызда шетелдік азамат өзін жайсыз сезіне бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадрлар/ Ustinka.kz
Фото: Видеодан кадрлар/ Ustinka.kz: Getty Images

Шығыс Қазақстан облысына жиналысқа келген шетелдік медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Ер адамды арнайы қорғаныш костюдерін киген мамандардың жедел жәрдеммен алып бара жатқан видеосы желіге де тарап үлгерді.

Tengrinews.kz-тің облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, коронавирус күдігіне ілінген шетелдік 1949 жылы туған ОАР азаматы.

"Ол Семей қаласында жұмыс істейді. ШҚО-дағы техникалық жиынға Дубай мен Нұр-Сұлтан арқылы келген. 12 наурыз күні ауырды. Дене қызуы көтеріліп, тұмаурата бастаған. Алгоритмге сәйкес, қалалық жедел медициналық жәрдем бекеті науқасты қорғаныш киім арқылы инфекциялық стационарға жеткізу жұмыстарын жүргізді. Пациент ауруханада жатыр", - деді ведомствода.

Қазіргі уақытта науқастың диагнозы- ЖРВИ және орташа ауыр деңгейлі бронхит. Леспе диагноз- 2-типті қант диабеті.

Азаматтан COVID-19 вирусын тексеру үшін арнайы сараптама алынған. Әзірге медицина қызметкерлері коронавирус жұқтыру дерегін растаған жоқ.

Еске сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған үшінші адам анықталды. Ол Италиядан Нұр-Cұлтан қаласына ұшып келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845317-semejde-oar-azamaty-koronavirus-kdigimen-auruhanaga-zetkizildi/

pixel