RU

"Инфекция тоқтайды": Біртанов БАҚ өкілдеріне өтініш айтты

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты жағдайды дұрыс түсіну керек айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Sputnik / Елена Бережная
Фото: Sputnik / Елена Бережная: Depositphotos

Біртановтің сөзінше, негізі мақсат– инфекцияны тоқтатып, оның таралуына жол бермеу.

"Жұқпалы ауру адамнан адамға жұғады. Біздің негізгі мақсатымыз – осы инфекцияны тоқтатып, оның таралуына жол бермеу. Әрине, жауапкершілік өте маңызды, жағдайды барлығымыз дұрыс түсінуіміз керек. Үнемі қорқып, тығылып үйде отыру деген дұрыс емес, бірақ сақтану шараларын ұстану керек. Гигиеналық талаптарды сақтау қажет", - дейді министр.

Осы орайда Біртанов инфекцияның таралуының алдын алу үшін БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді сұрады.

"Сіздерге менің өтінішім бар, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдаланып, азаматтарға түсіндіру шараларын жүргізу керек. Басқа мемлекеттерде де 2-3 айдың ішінде мәселе шешіледі, инфекция тоқтайды. Сондықтан жағдайды түсініп, гигиенаға мән берген дұрыс", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Кейін тағы бір отандасымыздан коронавирус анықталғанын хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1845324-infekcia-toktajdy-birtanov-eki-s-ajda-virusty-beti-kajtatynyn-ajtty.html