Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантиннен жалтарған қазақстандықтар қамауға алынуы мүмкін

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа байланысты өз еркімен үйінде оқшауланып немесе станционарға карантинге жатудан бас тартқан қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

иранов
Фото: NUR.KZ: UGC

Елжан Біртановтың айтуынша, қазіргі уақытта вирус анықталған азаматтармен бірге Германия және Италиядан ұшып келгендер анықталуда.

"Жұмыстар істелуде, басты мақсат - тұрғылықты мекен-жайы бойынша осы азаматтарды тауып, ең алдымен оларға керек ақпаратты жеткізу. Олардың көпшілігі елімізде осындай жағдай болып жатқанын, вирустың таралу қаупі барын білмеуі де мүмкін. Біз оларға карантинге немесе үй карантиніне жатқызу керек екені туралы ақпарат жеткіземіз", - деді Біртанов.

Сонымен бірге ол үй карантині туралы шешім азаматтың тұрмыстық жағдайына байланысты қабылданатынын айтты.

Оның сөзінше, оқшаулаудан бас тартып не болмаса ережелерін бұзғандарды жаза күтіп тұр.

Сонымен, карантин шарттарын бұзғаны үшін 5 АЕК немесе 13 мың теңге айыппұл күтіп тұр. Егер азамат медициналық қызметкерлер мен полицияға қарсылық көрсетсе, онда ол әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Ал егер оның әрекетінің салдарынан басқа адамдарға вирус жұқса, онда қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Еске сала кетсек, ҰҚК мен полиция инфекция жұқтырғандармен байланыста болған 500 адамға іздеу салғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845333-karantinnen-zaltargan-kazakstandyktar-kamauga-alynuy-mmkin/

pixel