Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Бразилия президентінен коронавирус анықталды

Опубликовано:

Бразилиялық БАҚ беттерінде ел президенті Жаир Болсонарудың коронавирус жұқтыруы мүмкін деген ақпарат тарады. Мемлекет басшысының инфекцияға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

бразилия
Жаир Месси́ас Болсонару. Фотo: instagram.com/jairmessiasbolsonaro: Depositphotos

РИА Новости жазуынша, ресми дереккөздер бұл ақпаратты әзірге растамаған.

Өлімге әкелетін вирустың бұған дейін президент әкімшілігі қызметкерлерінің бірінен анықталғаны айтылды.

Бразилия Оңтүстік Америкада COVID-19 коронавирусынан ең көп зардап шеккен мемлекет. Бұл елде 70-тен астам адамнан вирус анықталып, тағы 1,5 адам коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, Болсонару 64 жаста. Ол президент қызметіне 2019 жылдың 1 қаңтарында кіріскен.

Еске сала кетсек, Норвегияда коронавирус пандемиясына байланысты оқшаулау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, шетелге сапарларынан кейін елдің королі мен королевасы, сондай-ақ сыртқы істер министрі мен бірқатар мемлекеттік шенеуніктер карантинге жатқызылды.

Елдің қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұсынысы бойынша барлық жоғары лауазымды шенеуніктер карантинге жіберілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845336-bak-brazilia-prezidentinen-koronavirus-anyktaldy/

pixel