RU

Алматының бас санитар дәрігері 500-ге жуық адамға іздеу салынғанына пікір білдірді

Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова коронавирус жұқтырғандармен байланысқа түскен болуы мүмкін 500 адамға салынған іздеуге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

санврая
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ол халықты тыныштандыруға асықты. Оның сөзінше, іздеу салынған 488 адам санаттарға байланысты медициналық бақылауға алынуы керек.

Молдағасымованың айтуынша, бұл олардың коронавирус жұқтырғанын не болмаса азаматтардың инфекция анықталғандармен байланыста болғанын білдірмейді.

Ақ халаттының түсіндіруінше, бұл 488 адам науқастармен байланысқан деп есептелмейтіндіктен, оларды оқшаулаудың қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта азаматтарды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Еске сала кетсек, ҰҚК коронавирус пандемиясына байланысты 488 адамға іздеу салғаны хабарланды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімзде төртінші адамнан коронавирус анықталды. 1976 жылы туған қазақстандық Алматыға Германиядан келген.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Сондай-ақ елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Әйел Италиядан ұшып келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845345-almatyny-bas-sanitar-drigeri-500-ge-zuyk-adamga-izdeu-salynganyna-pikir-bildirdi.html