Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ 14 наурыз күні таңертең коронавирус жұқтырғандардың санын атады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, 14 наурыздағы елдегі коронавирус жағдайына қатысты ақпарат ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC
"Құрметті қазақстандықтар, өткен тәулікте коронавирустық инфеция жұқтырудың жаңа деректері тіркелген жоқ. Науқастардың саны 4.
Олар карантинде медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында жатыр. Науқастармен байланысқан азаматтар анықталып, бақылауға алынды.
Республикада COVID-19 вирусымен күресу және алдын-алу шаралары толық көлемде жүргізіліп жатыр",- деді министрлікте.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Кейіннен елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Әйел Италиядан ұшып келген.

Көп ұзамай Алматыда коронавирус жұқтырған төртінші адам бар екені белгілі болды. Қауіпті инфекция Германиядан келген Қазақстан азаматынан анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845361-dsm-14-nauryz-kni-taerte-koronavirus-zktyrgandardy-sanyn-atady/

pixel