Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев қатысатын Nur Otan отырысы коронавирусқа байланысты өтпейтін болды

Опубликовано:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды. Бұл елдегі және әлемдегі коронавирус жағдайына байланысты қабылданған шешім деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

"Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады",- деп жазды ол.

Осыған дейін 18 наурызда Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы жоспарланған еді. Аталған қаулыға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.

Кездесу барысында партияның осы жылға қойылған негізгі міндеттері талқыға түсетіні хабарланған болатын.

Жақында Ералы Тоғановқа отырыстың өтпеуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Премьер-министрдің орынбасары әлі шешім қабылданбағанын, қабылданған жағдайда көпшілік бірден хабардар болатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елде төтенше жағдай жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845364-nazarbaev-katysatyn-nur-otan-otyrysy-koronaviruska-bajlanysty-tpejtin-boldy/

pixel