Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Олардың бірі - Алматыға Мәскеу қаласынан ұшып келген ер адам, екіншісі - Нұр-Сұлтан қаласына Варшавадан келген әйел. Осылайша, елімізде аталған диагнозбен ауыратындар саны 6-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматыда 1958 жылы дүниеге келген жеке кәсіпкердің коронавирустық инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Ол оңтүстік астанаға Мәскеуден ұшып келген.

Ал Нұр-Сұлтанда Польшадан келген келіншектен коронавирус белгілері анықталды.

Айта кетейік, бүгін, 14 наурыз таңертең Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелмегенін мәлімдеді.

Қауіпті инфекция жұқтырған төрт адам да 13 наурыз күні анықталған болатын.

Олардың үшеуі Алматы қаласында болса, біреуі Нұр-Сұлтанда. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында жатыр.

Әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

"Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады",- деп жазды ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845368-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-eki-adam-tirkeldi/

pixel