Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда үйірмелер мен секциялар 5 сәуірге дейін жұмыс істемейді

Опубликовано:

Елімізде спорт мектептері мен үйірмелер 5 сәуірге дейін жұмыс істемейді. Бұл мәлімдемені Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Министр 5 сәуірге дейін қосымша білім беру мекемелері- музыкалық, көркемөнер және спорт мектептерін жабу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Себебі, аталған орындарға көп адамдар келеді. Кейде оқушылар сарайларына шамамен 10-20 мың бала барады.

"Біз 5 сәуірге дейін жұмысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдадық", -деді Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрі қазақстандық оқушылар коронавирустық инфекция жағдайының аясында демалысқа 16 наурыздан бастап шығатынын еске салды. Демалыс 5 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кетейік, бүгін, 14 наурыз күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Олардың бірі - Алматыға Мәскеу қаласынан ұшып келген ер адам, екіншісі - Нұр-Сұлтан қаласына Варшавадан келген әйел. Осылайша, елімізде аталған диагнозбен ауыратындар саны 6-ға жетті.

Әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845371-kazakstanda-jirmeler-men-sekcialar-5-suirge-dejin-zmys-istemejdi/

pixel