Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде карантинге жатқызылған ОАР азаматынан коронавирус табылды ма

Опубликовано:

Тұмауратып ауруханаға жеткізілген ОАР тұрғынынан коронавирус расталған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Жедел жәрдем арқылы инфекциялық стационарға жеткізілген ОАР азаматының тест нәтижелері алынды. COVID 2019 вирусына тапсырылған тест теріс нәтиже көрсеткенін хабарлаймыз", - деді облыстық әкімдікте.

Әкімдік қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жоқ екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Семейде Дубайдан келген Оңтүстік Африка Республикасының азаматы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, 12 наурызда шетелдік азамат өзін жайсыз сезіне бастаған.

Айта кетейік, бүгін, 14 наурыз күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Олардың бірі - Алматыға Мәскеу қаласынан ұшып келген ер адам, екіншісі - Нұр-Сұлтан қаласына Варшавадан келген әйел. Осылайша, елімізде аталған диагнозбен ауыратындар саны 6-ға жетті.

Әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845374-semejde-karantinge-zatkyzylgan-oar-azamatynan-koronavirus-tabyldy-ma/

pixel