RU

Мәдениет министрі: Түнгі клубтарда шаралар өткізуге тыйым салынады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус инфекциясының таралу қаупі аясында еліміздегі мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: UGC
"Жедел әрекет ету штабында айтылған кеңестерді тыңдап, ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында бас санитарлық дәрігердің кеңесі бойынша адамдар көп жиналатын шаралардан бас тарта тұрған жөн. Қандай жағдай болмасын санитарлық-дезинфекциялық шаралар орындалып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек", - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Ақтоты Райымқұлова түнгі клубтарда да шараларды өткізуге тыйым салынатынын жеткізді.

"Жоғарыда аталған ұсыныстар негізінде 13 наурызда халық көп жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды. Айтылып отырған ұйымдар, түнгі клубтар – бұл регламентке кіреді. Сол себепті мұндай мекемелерде шараларды өткізуге тыйым салынғанын атап өткім келеді", - деді ол.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ЖОО мен колледждердің жатақханаларындағы студенттер үйлеріне қайтарылып жатқанын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845379-mdeniet-ministri-tngi-klubtarda-saralar-tkizuge-tyjym-salynady.html