RU

ДСМ Мәскеу, Варшава мен Франкфурттан келген жолаушыларды іздестіріп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Германиядан, Ресейден және Польшадан Қазақстанға ұшып келген ұшақтардың жолаушыларына 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға өтініш жасалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Осы жылдың 10 наурызында сағат 02:45-те Франкфурт-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келген №0646 рейстің жолаушыларынан 1406 немесе 103 нөмірлеріне қоңырау шалуларын өтінеміз. Ауруға шалдыққандар саны - 1 адам. Ол медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауымен карантинде жатыр", - делінген ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram парақшасындағы хабарламада.

Сондай-ақ, 12 наурыз күні сағат 06:10-да "Мәскеу-Нұр-Сұлтан" бағытында қатынаған №SU-1956 рейсінің және 10 наурыз күні Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы №195 рейсінің жолаушылары да 1406 немесе 103 нөмірлеріне хабарласулары қажет.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бір бортта болған 14 азаматтың қай өңірлерге тарап кеткенін баяндады.

"Олар сау азаматтар. Олар коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар. 14 азаматымыз өңірлерге тарап кеткен. Олар барған жерінде анықталып, стационарларға оқшауланды. Олар Алматы, Атырау, Степнагорск және Қарағанды қалаларында", - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДСМ Мәскеу, Варшава мен Франкфурттан келген жолаушыларды іздестіріп жатыр
Mailfire view pixel