RU

ҰҚК: Алматыда Наурыз мейрамына теракт жоспарланған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 13 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел- іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды.

Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жалғасуда.  

Айта кетейік, 9 наурызда коронавирус жұқтырған адаммен бірге ұшып келген 40 адам табылды. Қазіргі уақытта ҰҚК мен полиция 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында елге келген 488 адамға іздеу салды.

Сондай-ақ, Германиядан, Ресейден және Польшадан Қазақстанға ұшып келген ұшақтардың жолаушыларына 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға өтініш жасалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰҚК: Алматыда Наурыз мейрамына теракт жоспарланған
Mailfire view pixel