RU

Алматының бас санитар дәрігері коронавирус бар рейспен ұшып, карантинге жатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы бас санитар дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова бүгін баспасөз конференциясында басшысы Айзат Молдағасымова коронавирус жұқтырған науқас отырған рейспен ұшқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айзат Молдағасымова. Фото: kaznmu.kz

Айзат Молдағасымова. Фото: kaznmu.kz

Оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Франкфурттан 10 наурыз күні келген.

"Оған қатысты тиісті шаралар қабылданды. Ол оқшауланды", - деді Әсел Қалықова.

Орынбасарының сөзінше, Айзат Молдағасымова 13 наурыз күні таңертең өз-өзін оқшаулап, көп ұзамай ауруханаға жатқызылған. Оның коронавирусқа тест нәтижесі теріс болып, үйіне қайтарылған.

"Байланыс тұлғаларын анықтау шаралары бойынша олардың үйлеріне барып, денсаулық жағдайлары тексерілді. Оған зертханалық зерттеу басқаларға қарағанда ертерек жасалды.
Коронавирус анықталмаған адамдар үйіне қайтарылып, үй карантинінде жатыр. Сараптама 3-4 сағаттың ішінде жасалады, бұл мерзім бірнеше сағатқа созылуы мүмкін", - деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырған Алматыдағы төрт науқастың жағдайы туралы айтып берді.

"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясы расталған диагнозы бар 4 науқас жатыр. Олардың үшеуінің жағдайы қанағаттанарлық. Біреуі орташа ауыр жағдайда. Олар бекітілген хаттама бойынша ем алуда. Вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия уақытында басталды.
Қазір олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қарым-қатынаста болған адамдар дәрігерлердің бақылауында. Оларға үш сағаттық термометрия жүргізіліп жатыр. Коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған азаматтардың бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Температуралары көтерілуі немесе аурудың басқа белгілері анықталған жоқ", - дейді дәрігер Айгүл Әбдірахманова.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматының бас санитар дәрігері коронавирус бар рейспен ұшып, карантинге жатты
Mailfire view pixel