RU

Алматыда коронавирус жұқтырған төрт науқастың жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырған Алматыдағы төрт науқастың жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясы расталған диагнозы бар 4 науқас жатыр. Олардың үшеуінің жағдайы қанағаттанарлық. Біреуі орташа ауыр жағдайда. Олар бекітілген хаттама бойынша ем алуда. Вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия уақытында басталды.
Қазір олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қарым-қатынаста болған адамдар дәрігерлердің бақылауында. Оларға үш сағаттық термометрия жүргізіліп жатыр. Коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған азаматтардың бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Температуралары көтерілуі немесе аурудың басқа белгілері анықталған жоқ", - дейді дәрігер Айгүл Әбдірахманова.

Оның айтуынша, ауруханадағы барлық медицина қызметкері коронавирус инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша жұмыс істеуге оқытылып, дайындалған.

Мамандар коронавирустың таралуына жол бермеу үшін алдын алу шараларын сақтау керектігін ескертеді.

Тұрғындарға халық көп жиналатын орындарға барудан уақытша бас тартқан жөн. Сондай-ақ дәрігерлер жұқпалы дерттен қорғану үшін қолды сабынмен жиі жуып тұруға кеңес береді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845396-almatyda-koronaviruspen-zatkan-trt-naukasty-zagdajy-belgili-boldy.html