RU

Коронавирусқа байланысты Қазақстан полициясы ерекше қызмет режиміне көшті

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылығының, оның қызметтерінің, сондай-ақ полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің және Министрліктің оқу орындары басшыларының қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов шақырылды, ол коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы айтты.

ІІМ басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылғанын атап өтті.

Құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді, полиция мен Ұлттық ұланның жаяу жасақтары көбейтілді, сондай-ақ стратегиялық және аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету күшейтілді. Көп адамдардың қатысуымен өткізілетін кездесулер мен іс-шаралар тоқтатылды, қызметкерлердің шетелге шығуы мен қызметтік іссапарлары шектелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845400-koronaviruska-bajlanysty-kazakstan-policiasy-erekse-kyzmet-rezimine-ksti.html