RU

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Бұл шешімді елорданың бас санитар дәрігері қабылдайды деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның астанасында коронавирус жұқтырғандардың саны бес адамнан асқан жағдайда төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешемді елорданың бас санитар дәрігері қабылдайды.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен олармен байланыста болғандардың санына байланысты. Жалпы жағдай мен ауырып қалғандардың саны бестен асқан кезде бұл мәселе қарастырылады", - деді Сәуле Қисықова.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ЖОО мен колледждердің жатақханаларындағы студенттер үйлеріне қайтарылып жатқанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус инфекциясының таралу қаупі аясында еліміздегі мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін
Mailfire view pixel