RU

Алматыда барлық кинотеатр, мұражай, зоосаябақ пен кітапхана жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар шара қолданылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ашық дереккөз

Көрнекі фото: Ашық дереккөз

Оңтүстік астана әкімдігінің ақпаратына сәйкес, жоспарланған мәдени-жаппай шаралардың бірі тоқтатылса, енді бірі кейінге қалдырылды.

13 наурыздан астап Алматыда мәдени шараларға, семинарлар мен көрмелерге, конференцияларға баруға тыйым салынды. Сондай-ақ, 1А, 1Б және 2 мен 3-санаттағы елдердегі халықаралық шараларға баруға шектеу қойылды.

Барлық қалалық мәдениет мекемелеріне санитарлық шараларды күшейту мен гигиена құралдарымен қамтамасыз ету ұсынылды.

Жалпы алғанда Алматыда 600-ден аса шара тоқтатылды. Қазір қалада кинотеатрлар, мұражайлар, зоосаябақтар мен кітапханалар жабылған.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Бұл шешімді елорданың бас санитар дәрігері қабылдайды.

Ақ халаттылар коронавирус инфекциясын жұқтырған Алматыдағы төрт науқастың жағдайы туралы айтып берді.

"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясы расталған диагнозы бар 4 науқас жатыр. Олардың үшеуінің жағдайы қанағаттанарлық. Біреуі орташа ауыр жағдайда. Олар бекітілген хаттама бойынша ем алуда. Вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия уақытында басталды.
Қазір олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қарым-қатынаста болған адамдар дәрігерлердің бақылауында. Оларға үш сағаттық термометрия жүргізіліп жатыр. Коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған азаматтардың бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Температуралары көтерілуі немесе аурудың басқа белгілері анықталған жоқ", - дейді дәрігер Айгүл Әбдірахманова.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда барлық кинотеатр, мұражай, зоосаябақ пен кітапхана жабылды
Mailfire view pixel