RU

Тоқаев Қазақстандағы коронавирусқа байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев Қазақстандағы коронавирусқа байланысты мәлімдеме жасады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өкінішке қарай, елімізде қауіпті инфекцияны жұқтырудың алдын алу мүмкін болмады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы қазақстандық биліктің отандастар мен шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолға алып жатқанын айтып, сендірді.

Президент атап өткендей, қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Ол адамдарды тыныштықты сақтап жеке гигиенаны қадағалауды сұрады.

Арандатушылықтар жазаланатын болады. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін. Біз біргеміз", - деп жазды қазақстандық көшбасшы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, 14 наурыз күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Олардың бірі - Алматыға Мәскеу қаласынан ұшып келген ер адам, екіншісі - Нұр-Сұлтан қаласына Варшавадан келген әйел. Осылайша, елімізде аталған диагнозбен ауыратындар саны 6-ға жетті.

Әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1845426-tokaev-kazakstandagy-koronaviruska-bajlanysty-mlimdeme-zasady.html