RU

Алматыда жолаушыларға қасақана жөтелген әзілқой жігіт жауапқа тартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда тәртіп сақшылары метрода пранк ұйымдастырған ер адамды тұтқындады. Жігіт жолаушыларға қасақана жөтеліп, олардың үрейін ұшырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда жолаушыларға жөтелген әзілқой жігіт

Фото: Алматы ПД

Жігіттің іс-әрекеті әлеуметтік желілерде пайда болды. Роликтің кадрларынан ер адамның пойызда отырған басқа жолаушыларға қасақана қатты әрі тоқтаусыз жөтелгенін көруге болады.

Бұл тәртіп сақшыларының ерекше назар аударды.

Тәртіп сақшылары жігіттің жеке басын анықтады. Ол 23 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты .

Анықталғандай, жас адам жай ғана "әзілдеген". Полиция қызметкерлері әлемдегі коронавирус жағдайында жігіттің бұлай қалжыңдауын қорлаушылық деп атады.

"Әзілқойға" ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айып тағылды.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Сонымен қатар, қамауға алынар алдында ер адам азаматтар алдында өзінің іс-әрекеті үшін кешірім сұрады.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ЖОО мен колледждердің жатақханаларындағы студенттер үйлеріне қайтарылып жатқанын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жолаушыларға қасақана жөтелген әзілқой жігіт жауапқа тартылды
Mailfire view pixel