RU

"Біз қылмыскер емеспіз": Ауру жұқтырған арумен бір ұшақта ұшқан әйел наразылық білдірді

Коронавирусты жұқтырған рейстің жолаушысы болып шыққан Нұр-Сұлтан тұрғыны Гаухар Айтмұхамбетова оқшаулау жағдайына шамданды. Сонымен қатар ол ауруханаға неліктен барудан бас тартқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз қылмыскер емеспіз": Ауру жұқтырған арумен бір ұшақта ұшқан әйел наразылық білдірді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Келіншек Facebook-тегі қоғамдық парақшада жағдай туралы өзінің көзқарасымен бөлісті.

Басында ол өзін қолдағандардың бәріне алғыс білдіріп, дәрігермен сөйлескенін айтты.

Қазақстандық арудың сөзінше, ол дәрігермен оқшаулау жайында ғана емес, вирусты жұқтырған жолаушылармен бірге ұшып келгендердің психологиялық жағдайы жайлы сөйлесіпті.

Сондай- ақ, Гауһар карантинде жүргендердің сараптамалары әлі дайын емес екенін айтты.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауру белгілерсіз өтуі мүмкін деп жазады Гаухар.

Гаухар вирус жұқтырған бойжеткеннің Миланнан Ресейге, одан соң Қазақстанға қалай жеткізілгенін түсінбейді.

Сондай-ақ, қазақстандық оның наразылығына нақты не себеп болғанын айтты.

Біріншіден, Гауһар оларды "голливуд киносындағыдай" дабыл белгісі қосылған полиция көліктерімен алып кеткендеріне шамданды. Әйел екі баласын жайғастырып қоймағанша бір жаққа барудан бас тартқан, кіші ұлы қатты шошынып, жылай беріпті.

Әйел оларды өзге стационарға жатқызудың орнына тубдиспансерге алып келгенін айтты.

Келіншектің пробиркаларды жиі шатастырып отырған қызметкердің жұмысына көңілі толмады, сондай- ақ жалпы мекеменің дайын болмағанын айтты. Медициналық қызметкерлердің қан алғаннан кейін, тіпті, жабыстырғыштары табылмаған.

Шет елден келген қазақстандықтарды суық тағаммен тамақтандырады, ал шай беру туралы өтінішке оларға тәулігіне 200 грамм ғана беріледі деп жауап береді.

"Бізде ҰОС, блокада болып жатқан жоқ, біз қылмыскер емеспіз", - дейді әйел.

Гахуардың сөзінше, палаталардың іші суық екен.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Бұл шешімді елорданың бас санитар дәрігері қабылдайды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845437-biz-kylmysker-emespiz-auru-zktyrgan-arumen-bir-sakta-skan-jel-narazylyk-bildirdi.html