Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ Қазақстандағы коронавируске қатысты жаңа мәліметтерді жариялады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус туралы мәліметтерді жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ДСМ Қазақстандағы коронавируске қатысты жаңа мәліметтерді жариялады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның алты жағдайы тіркелді, оның 4-і Алматыда және 2-і Нұр-Сұлтан қаласында.

Стационарлық карантинде 1425 адам және үй жайындағы карантинде 496 адам бар.

Сонымен қатар, Қытайдан және көрші мемлекеттерден келген азаматтарды бақылау жалғасуда.

15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2083 адам бақылауда қалады.

"Қазіргі таңда дене қызуы мен ЖРВИ анықталған 122 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 1 "Б" санаты бойынша – 35 адам; 2 санаты бойынша – 42 адам; 3 санаты бойынша – 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 адам шығарылды. Стационарда 60 адам қалып отыр ", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінде.

Бас санитар дәрігердің шешіміне сәйкес, науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар қолға алынды, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция шаралары қабылданады.

Жағдай ҚР денсаулық сақтау министрлігінің үздіксіз бақылауында.

Әлемде 152 елде қауіпті инфекцияны жұқтырудың 156 494 оқиғасы тіркелген, оның ішінде:

ҚХР- да- 80 884 (тәулік ішінде -20 оқиға). Әлемнің басқа елдерінде - 75 650 оқиға (круиз лайнерін қоса алғанда), оның ішінде – 2 623 өлім жағдайы, өлім көрсеткіші – 3,4 %-ды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылығының, оның қызметтерінің, сондай-ақ полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің және Министрліктің оқу орындары басшыларының қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845448-dsm-kazakstandagy-koronaviruske-katysty-zaa-mlimetterdi-zarialady/

pixel