RU

ДСМ коронавирусқа байланысты брифингтерді өткізудің онлайн форматына көшеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты брифингтерді өткізудің онлайн режиміне ауысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ДСМ коронавирусқа байланысты брифингтерді өткізудің онлайн форматына көшеді

Фото: ОКҚ

ДСМ хабарлағандай, аталмыш формат халықты барынша жедел хабардар етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ коронавирустың қауіпсіздігі мен алдын алу мақсатында БАҚ-пен тікелей байланысты азайтады.

Ведомствода атап өтілгендей, онлайн-форматтағы бірінші брифинг бүгін, 15 наурыз күні сағат 13: 00-де өтеді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ағымдағы уақыттағы елдегі және әлемдегі COVID -2019 жағдайы туралы айтып береді .

Брифингтің көрсетілімі "Хабар 24" арнасында да өтеді.

Айта кетейік, бүгін, 14 наурыз таңертең Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелмегенін мәлімдеді.

Қауіпті инфекция жұқтырған төрт адам да 13 наурыз күні анықталған болатын.

Олардың үшеуі Алматы қаласында болса, біреуі Нұр-Сұлтанда. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында жатыр.

Әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған алты адам тіркелді. Олардың төртеуі - Алматы қаласында болса, екеуі-Нұр-Сұлтан қаласында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДСМ коронавирусқа байланысты брифингтерді өткізудің онлайн форматына көшеді
Mailfire view pixel