RU

Алматыда коронавирус жұқтырудың тағы екі дерегі тіркелді

Қазақстанда соңғы деректер бойынша қауіпті вирусты сегіз адам жұқтырып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қазақстанда коронавирус ауруының тағы екі оқиғасы анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Министрдің айтуынша, коронавирустың екі оқиғасы да Алматыда анықталды.

Алғашқы науқас - 1958 жылы туған әйел.Бұған дейін Мәскеуден келіп, ауруханаға жатқызылған ер адамның жұбайы. Одан коронавирус анықталды. Басқаларында әзірге анықталған жоқ.

Екінші науқас - 1995 жылы туған ер адам, ол Алматы - Сеул рейсімен келді. Барлық жолаушылар стационарға жатқызылды.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 8 жағдайы тіркелді. Олардың алтауы Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда стационарлық ем алады.

Естеріңізге сала кетейік, Семейде Дубайдан келген Оңтүстік Африка Республикасының азаматы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, 12 наурызда шетелдік азамат өзін жайсыз сезіне бастаған.

Айта кету керек, Америка Құрама Штаттарының Қазақстанға ұшақ арқылы гуманитарлық көмек жібергенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845458-kazakstanda-koronavirusty-zktyrgandar-sany-artty.html