RU

Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны вирус жұқтырған жолаушымен бір рейсте келді

Қазақстан теннис командасының капитаны Ярослава Шведова карантинге түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ярослава Шведова 12 наурызда Нұр-Cұлтанға Мәскеу рейсімен ұшып келді. Аталған ұшақта Миланнан келген коронавирус жұқтырған жолаушы болды.

Келген соң спортшы карантинге орналастырылды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ару Калифорнияда өтуі керек болған "Индиан-Уэллс" турнирі болмайтын болған соң, ол Қазақстанға үйіне қайтуға шешім қабылдады.

Алайда, спортшы Миланнан ұшып келе жатқан әйелмен бірге бір рейске отырған. Кейіннен жолаушыдан коронавирус анықталған.

"Ұшып келгеннен кейін мені сол рейстің барлық жолаушылары сияқты стационарлық карантинге жатқызды", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырудың тағы екі дерегі тіркелді.

Алғашқы науқас - 1959 жылы туған әйел. Бұған дейін Мәскеуден келіп, ауруханаға жатқызылған ер адамның жұбайы. Одан коронавирус анықталды. Басқаларында әзірге анықталған жоқ.

Екінші науқас - 1995 жылы туған ер адам, ол Алматы - Сеул рейсімен келді. Барлық жолаушылар стационарға жатқызылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845467-tennisten-kazakstan-kramasyny-kapitany-svedova-virus-zktyrgan-arumen-bir-bortta-keldi.html