RU

Коронавирус жұқтырған алматылық келіншек қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың полиция департаментінде короновируспен ауырған әйел адам қауіпті инфекцияны тапқаннан кейін өзі байланыс жасаған азаматтардың мәліметтерін айтудан бас тартқаны айтылды деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус жұқтырған алматылық келіншек қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақпараты бойынша, әйел санитарлық қызметтердің жұмысына барынша кедергі келтіреді. Сонымен қатар, ол өзі ауырғаннан кейін онымен байланыс жасаған азаматтар туралы мәліметтерді беруден қасақана бас тартып отыр.

Әйел ҚР ҚК-нің 304-бабымен көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні коронавирусқа байланысты Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдай енгізілуде. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Төтенше жағдай режимі 16 наурыз күні таңғы сағат 8-ден 15 сәуір күні сағат 7-ге дейін әрекет етеді. Елімізде карантин енгізілуде, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

Еске салсақ, 15 наурызда елімізде COVID-19 коронавирусты жұқтырудың 8 оқиғасы тіркелген.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың төтенше жағдай режимінде қалай өмір сүретінін туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған алматылық келіншек қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Mailfire view pixel