Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Halyk Bank-ке қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкерінен коронавирус анықталды

Опубликовано:

Алматы қаласындағы Halyk Bank ғимаратының бірінде кеңес беру қызметін ұсынатын сыртқы ұйымның қызметкерінен COVID-19 инфекциясы анықталған деп хабарлайды банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Фото: Sputnik / Серикжан Ковланбаев: UGC

Ведомствоның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігінің әрекет ету алгоритміне сәйкес, науқас, сондай-ақ онымен байланысқан барлық қызметкерлер сынақ процедурасынан өтіп, қазіргі уақытта оқшауланған және карантинде жатыр.

Сонымен қатар, вирус табылған сыртқы компанияның қызметкері мен оған жақын жерде болған банк қызметкерлері де клиенттермен тікелей қарым-қатынаста болмаған.

"Өз кезегінде банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңсе және бөлімшелерде үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі.
Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі режимде жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қолжетімді.
Сондай-ақ қашықтықтан қызмет көрсету сервистері Onlinebank.kz заңды тұлғалар мен Homebank.kz жеке тұлғалар үшін қолжетімді, ал кез келген сұрақтарға тәулік бойы байланыс орталығы жауап береді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны тоғызға жетіп отыр. Оның екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі Алматы қаласында станционарлық ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 наурызда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845521-halyk-bank-ke-kyzmet-krsetetin-syrtky-jymny-kyzmetkerinen-koronavirus-anyktaldy/

pixel