RU

ДДСҰ: Еуропада коронавирустан өлім-жітім саны артады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еуропада жақын арада коронавирустың жаңа түрінен қаза болғандар саны артады. Себебі көптеген елдер эпидемияның бастапқы сатысында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: ТСН

Фото: ТСН

"Италияда аурудың өршуі Еуропаның өзге елдеріне қарағанда ұзақ болды, сондықтан мұнда науқастардың көбісі не айығып, не қайтыс болады. Эпидемияның бастапқы сатысындағы өзге еуропалық елдерде адам өлімі жақын күндері басталуы әбден мүмкін", – деді ДДСҰ өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, ДДСҰ мамандары вирустың Италияда таралу шыңына қашан жететінін болжай алмауда, алайда, аурудан көз жұмғандардың басым бөлігі 2-3 апта бұрын дертке шалдыққандар.

"Италияда ауруды жұқтырудың дерегі бірнеше күн ішінде үштен жүздеген оқиғаға дейін күрт өсуі тасушыларды анықтап, оларды оқшаулау мүмкіндігін шектеді. Италияның солтүстігіндегі бірқатар коронавирусқа шалдығу оқиғаларында нақты эпидемиологиялық байланыс болмаған. COVID-19 инфекциясынан қаза болғандар орта есеппен ауруды 2-3 апта бұрын жұқтырған", – деді ол.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны тоғызға жетіп отыр. Оның екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі Алматы қаласында станционарлық ем қабылдап жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДДСҰ: Еуропада коронавирустан өлім-жітім саны артады
Mailfire view pixel