RU

СІМ Қазақстанға кіру мен шығуға салынған тыйымға пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгіннен бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі күшіне енді. Осыған орай сыртқы істер министрлігі елімізге кіру және шығудың шектелуіне байланысты пікір білдірді деп KAZ.NUR.KZ.

сіммм

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, шектеу шаралары жарияланғанға дейін елден шығып кеткен қазақстандықтар, сондай-ақ елден емделу үшін шыққан қазақстандықтар Қазақстанға кіре алады. Алайда емделу үшін шыққандар тиісті құжаттарын көрсетуі керек.

Елден кеткісі келген шетелдіктер, Қазақстанның және басқа да елдердің дипломатиялық қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанға СІМ шақыртуымен келген шетелдік азаматтарға бұл шектеулердің қатысы жоқ.

Сонымен қатар бұл шектеу шарасы әуе және теңіз көлігінің экипаж мүшелеріне, пойыз және локомотив бригадасының құрамына кіретіндерге, сондай-ақ мемлекеттік шекараны кесіп өтетін трансшекаралық құрылымдардың техникалық қызметшілеріне, яғни темір жолдар, автомобиль жолдары, құбырлар, электр желілері және басқа құрылыстарға қызмет көрсететін қызметкерлерге қолданылмайды.

ТЖ енгізілгенге дейін жолда болып немесе жолға шығып қойған бағыты Қазақстан арқылы транзитпен өтетін шетелдіктер де елге кіріп, шыға алады.

Сондай-ақ бұл шектеулер Қазақстанда тұрақты тіркеуі барларға және қазақстандықтың жақын туыстары болып келетіндерге қолданылмайды. Бұл жағдайда туыстықты құжат түрінде растау керек.

Ресеймен шекаралас орналасқан елді-мекен тұрғындары уақытша мемлекеттік шекарадан өте алмайды. Бұл ереже екі тараптың біріне шұғыл көмек қажет болған жағдайда ғана бұзылуы мүмкін.

Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СІМ Қазақстанға кіру мен шығуға салынған тыйымға пікір білдірді
Mailfire view pixel