Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа байланысты қазақстандық файтердің UFC-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды

Опубликовано:

Әйгілі UFC промоутерлік компаниясымен келісім шартқа отырған қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов коронавирус пандемиясына байланысты жоспарланған алғашқы кездесуін белгіленген уақытта өткізе алмайтын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Фото: Әлеуметтік желіден алынды: Instagram

Шавкат Рахмоновтың польшалық спортшы Бартош Фабинскимен 21 наурызға жоспарланған жекпе-жегінің өтпейтіні туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлімдеді.

"Өкінішке орай, турнир коронавирусқа байланысты Лондоннан Америка Құрама Штаттарына ауыстырылды. Шавкатта жұмыс визасы болмағандықтан, оның жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы маған бір сағат бұрын Шавкат хабарласып айтты. Ол осы жағдай жайлы әуежайдан білген екен", - дейді Абдрахманов Instagram Stories-те.
Фото: Instagram stories/sayatus
Фото: Instagram stories/sayatus: Instagram

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин елде не себепті төтенше жағдай режиімі енгізілгенін түсіндіріп өтті.

Оның сөзінше, шектеу шаралары вирустың ел аумағында таралуының алдын алу үшін сондай-ақ, қазақстандықтардың игілігі үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтау үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845553-koronaviruska-bajlanysty-kazakstandyk-fajterdi-ufc-degi-zekpe-zegi-tpejtin-boldy/

pixel