Выйти
RU

"Коронавирус кет, кет": Қазақстандықтар қауіпті вируске қарсы жаңа челлендж бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Марат Омаровтың коронавирус туралы әні ғаламтор кеңістігінде хит болды. Қауіпті вирусты музыканың көмегімен қумақ болған өнер иесі өзге отандастарының еңсесін көтерген. Олар белгілі сазгердің коронавирусқа қарсы шығарған туындысын үлкен челлендж ретінде жалғастырып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Күллі әлемді дүрсілкіндірген індет жайлы ән желі қолданушыларын жігерлендіре түскен көрінеді. Қазақстандықтар бірінен соң бірі аталмыш өлеңді шырқап, өз видеоларымен белсенді түрде бөлісуде.

Алғашқылардың бірі болып қауіпті вирусқа қарсы челленджге ТМД жастары арасында аса танымал отандық орындаушылар M`Dee мен The Limba қатысты. Олар "Коронавирус кет, кет" атты өлеңнің өз орындауындағы нұсқасын ұсынды.

Жас әншілерден кейін челленджді өзге желі қолданушылары жалғап кетті. Көпшілік аталмыш әнге күлкілі видео түсіріп, басқа да оқырмандармен бөлісіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясы салдарынан төтенше жағдай енгізілген болатын.

ТЖ-ның бір ай мерзімге созылуы кейбір қазақстандықтардың көңілінен шықпаған. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұл тұрғыда наразылық білдірген отандастарына жауап беріп, жағдайды барынша түсіндіруге тырысты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Коронавирус кет, кет": Қазақстандықтар қауіпті вируске қарсы жаңа челлендж бастады