RU

Нью-Йоркта коронавирусқа байланысты мейрамханалар мен барлар жабылатын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нью-Йорк билігі коронавирустың жаңа түрінің жоғары қарқынмен таралуына байланысты 17 наурыздан бастап барлық мейрамханалар мен барларды жабу туралы қаулы шығарды. Дегенмен, тамақты үйге алып кетуге болады. деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: nypost.com / James Keivom

Фото: nypost.com / James Keivom

Қала мэрі Билл де Блазионың мәлімдемесінде айтылғандай, енді мейрамханалардың жұмысы тамақты үйге жеткізіп берумен ғана шектеледі.

"Ертең мейрамхана, бар және кафелердің жұмысы шектелетіні туралы бұйрыққа қол қоямын. Енді олардың қызметі тамақты үйге жеткізумен ғана шектеледі. Түнгі клубтар, кинотеатрлар, шағын театрлар мен концерттік алаңдар жабылуы тиіс", – делінген қала басшысының мәлімдемесінде.

Бұйрық 17 наурыз күні сағат 09.00-ден бастап күшіне енеді.

Билл де Блазионың айтуынша, Нью-Йоркте коронавирустан бес адам көз жұмған.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясын пандемия деп танығаннан кейін, билік аурудың елімізде таралуына жол бермес үшін коронавирустың алдын алу шараларын күшейте түсті.

Мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап, елде барлық қоғамдық іс-шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ал 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда бүгін, 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нью-Йоркта коронавирусқа байланысты мейрамханалар мен барлар жабылатын болды
Mailfire view pixel