RU

"Бұл фантазия": Ресейлік маман жылы ауа райынан коронавирус өледі деген пікірді жоққа шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

РҒА Халық шаруашылығы болжамдау институты қоғамдық денсаулықты талдау және болжау зертханасының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Борис Ревич жоғары күндізгі температура коронавирусты тоқтатады деген пікірді жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Маман: Коронавирус ыстықтан өлмейді

Көрнекі фото: pixabay.com

"Ауа температурасы жоғары болғанда коронавирус кетеді деген болжам бар, алайда менің ойымша, бұл толықтай фантазия. Вирус Уханнан келді, ондағы ауа райы қолайлы болған. Сондықтан вирус жоғарғы температурадан қорқады деу екіталай" , – деді Ревич.

Маман инфекциядан сақтану үшін ауа райының жылынуына сенім артудың қажеті жоқ екенін ашып айтты.

"Менің білуімше, бұл вирустың қожайыны кім, кім таратып жүргені жайлы мыңдаған пікірталас бар, бұл әзірге анықталмады", – деді маман.

Айта кетейік, бұған дейін диетолог Иван Алименко карантин кезінде және үйде жұмыс істегенде қалай тамақтану керегін айтқан болатын.

Диетологтың мәліметінше, үйдегі адамға орташа есеппен күніне 2000 калория жеткілікті. Тамақтануды бақылауда ұстау, өз-өзіңе есеп беру – ересек адамға тән қылық. Соның арқасында үш сағат сайын аз мөлшерде ас ішсеңіз, қарныңыз ашпайды әрі ағза да өзін жақсы сезінетін болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бұл фантазия": Ресейлік маман жылы ауа райынан коронавирус өледі деген пікірді жоққа шығарды
Mailfire view pixel