RU

Алматы мен Нұр-Сұлтанда айырбас нүктелері доллар сатуды тоқтатты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мегаполистерінде айырбастау нүктелері өз жұмысын тоқтатты. Ел тұрғындары әзірге валюталардың ешқайсысын сатып ала алмайды немесе сата алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Kurs.kz порталының ақпарынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда айырбастау нүктелері жабық. Сатып алу-сатудың барлық көрсеткіші жойылған.

Қос қалада тек АҚШ долларын ғана емес, еуро мен рубльді де айырбастауға мүмкіндік жоқ.

Фото: Kurs.kz сайтынан скриншот

Фото: Kurs.kz сайтынан скриншот

Фото: Kurs.kz сайтынан скриншот

Фото: Kurs.kz сайтынан скриншот

Сайт көрсеткіші бойынша, Шымкентте тек екі ақша айырбастау нүктесі ғана қызмет етуде.

Онда доллар, рубль мен еуроны тек сатып алып жатыр. Ал кез келген валютаны сату тоқтатылған.

Фото: Kurs.kz сайтынан скриншот

Фото: Kurs.kz сайтынан скриншот

Айта кетейік, Қазақстандағы айырбастау нүктелерінде АҚШ долларының құны өсуде. Жарты сағатта америкалық валютаның бағасы 415 теңгеден 450 теңгеге дейін көтерілген.

Ал жұма күні бір доллар 408 теңгеден сатылған. Бір апта ішінде шетелдік валюта 16 теңгеге қымбаттаса, бір ай ішінде 29 теңгеге өскен.

Естеріңізге сала кетейік, тоғызыншы наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.

Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі дүниежүзілік нарықтық жағдай аясында баға тұрақтылығын қолдау мақсатында базалық мөлшерлеменің өзгергенін хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы мен Нұр-Сұлтанда айырбас нүктелері доллар сатуды тоқтатты
Mailfire view pixel